Оқу-өндірістік тәжірибе
Білім беру саласында білікті мамандарды даярлау шеңберінде колледж студенттерінің кәсіби тәжірибеден өту міндетті шарты болып табылады, оның мақсаты:
Студенттердің теориялық және тәжірибелік оқу процесінде алған білімдерін тиянақтау және жүйелеу, мамандықтар бойынша қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыру, сонымен қатар оларды еңбек қызметіне баулу .
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқудың барлық кезеңінде оқу- өндірістік (педагогикалық) және диплом алдындағы тәжірибе түрлері қарастырылған. Олар кәсіби маманның қалыптасуына бағытталған біртұтас білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Колледжде тәжірибелік лауазым бағдарламалары әзірленді, жұмыс бағдарламалары, тәжірибе күнделігі, күнтізбелік күндер белгіленді.
Кәсіптік тәжірибе барысында білім алушылар тәжірибелік сабақтарға, өз бетінше жұмыс жасауға және болашақ мамандығына шығармашылық көзқарас қалыптасады.