Мамандық 10150100 – «Туризм»
«Туризм менеджері» – Бөлімдердегі персоналдардың жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару. Туристік қызметтерді көрсетуге бағытталған жұмыстар үшін жағдайлар жасау. Туристік өнімдерді дайындау және тарату қызметтерін жүзеге асыру. Кадрлар жұмыстарының тиімділігін арттырудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, клиенттермен іскерлік қарым қатынаста психологиялық негіздерді сақтау. Персоналдардың туризм саласындағы қызмет көрсету мәдениетінің өндірістік, ұйымдастыру, психологиялық, эстетикалық аспектілерін сақтауына бақылау жасау. Инженерлік техникалық жабдықтарға, техникалық жүйе мен құралдардағы автоматтандыру мен бақылауға қойылатын негізгі талаптарды орындау. Мекемені пайдалануға, туристік бизнес кәсіпорындарын жабдықтауға қатысты сұрақтарды шешу. Валютамен және төлем құжаттармен сауатты жұмыс істеу. |