Мамандық 01140500 – «Дене шынықтыру және спорт»

PHOTO-2022-04-27-15-31-10 «Дене тәрбиесінің мұғалімі» – сабақ және сыныптан тыс шаралар өткізеді, спорт түрлері бойынша секцияларға жетекшілік етеді. Оқытудың түрлі формаларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын қолданады.  Пән бойынша қажетті жоспарларын құрастырады. Оқу үдерісінің графигі мен оқу және типтік жұмыс жоспарына сәйкес білім беру оқу бағдарламасын жасақтауға және орындауға қатысады. Әдістемелік бірлестік қызметіне және әдістемелік жұмыстардың басқа түрлеріне қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі көтеріп отырады. Ата-аналармен немесе олардың  орнындағы адамдармен байланыста болады. Сабаққа қатысу тәртібін, оқу ережесін қолдайды. Спортзалда санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, жабдықтар мен мүліктердің бүтіндігі бойынша шаралар қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциясын,  Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары туралы» заңдарын, педагогика және психология негіздерін біледі. Оқу ақпаратын модульдеу ақпараттық оқыту ортасын құрастыру, қашықтан интерактивті қарым-қатынасты жобалау, оқу сапасының мониторингін жүргізу, білім алушылар мен мұғалімнің жетістіктерінің портфолиосына қажетті мәліметтер жинау әдістерін біледі, оқушылардың құзіреттілігі мен білім, іскерлік, дағдыларын бақылайды. Педагогикалық кеңес жұмыстарына, өндірістік мәжілістерге, ана -аналар жиналыстарына қатысады, балаларды әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысуға дайындайды, мінез- құлықтың этикалық нормаларын сақтайды.

 

Close