Оқу-әдістемелік жұмыс

Колледждің бірыңғай әдістемелік тақырыбы: «Оқу процесінде колледж студенттерінің цифрлық заманауи ойлауын дамыту»
Мақсаты: «Ғылым мен білімнің интеграциясы, оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, колледжде мұғалімдердің біліктілігін арттыру».
Міндеттері: – білім беру бағдарламаларын іске асыруда ғылыми-әдістемелік  нұсқаулармен қамтамасыз ету;
– оқу үдерісінің жаңа технологияларын, әдістерін, құралдары мен формаларын енгізу және жетілдіру;
– педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен кәсіби шеберлігін қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін арттыру;
– білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үдерісін жоғары сапалы ғылыми-әдістемелікпен қамтамасыз ету;
– озық  педагогикалық тәжірибені зерттеу, жалпылау;
– мұғалімдердің шығармашылық бастамаларын ғылыми-әдістемелік, ақпараттық және ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.

 

Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұны:
1) нормативтік құқықтық құжаттарды, білім беру органдарының ұсынымдарын зерделеуді, талдауды және енгізуді ұйымдастыру; оқу-бағдарламалық құжаттама, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
2) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оларды оқу үдерісіне енгізу;
3) ағымдағы, аралық бақылау нәтижелерін талқылау, білім алушылардың білім, білік және дағдыларының сапасын талдау және нәтижелерді жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу:
4) педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, жас  педагог қызметкерлерге сабақ үлгісін дайындау мен жүргізуге, оқу-әдістемелік материалдар мен сыныптан тыс жұмыстарды әзірлеуге көмек көрсету;
5) сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау; ғылым мен техниканың жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысының озық тәжірибесін және оқытудың жаңа технологияларын зерделеу, іріктеу және тәжірибеге енгізу;
6) колледжде кәсіби шеберлік байқауларын, тақырыптық семинарлар, конференциялар мен әдістемелік кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
7) педагогикалық, ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге, рефераттарға, баяндамаларға, әдістемелік әзірлемелер мен оқу құралдарына, техникалық оқу құралдарына және электрондық есептеуіш  техникаларға шолуларды ұйымдастыру;
8) педагогикалық ынтымақтастық, өзін-өзі басқару педагогикасы бойынша жұмысты жетілдіру, студенттерді оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және еңбекті ұйымдастырудың, өзара тексерудің және өзара көмектің тиімді түрлерін кеңінен пайдалануға тарту.

Close