ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары. Жарыстар Орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындарына негізделген. ДКО адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет Қырғызстанда өтті. Чолпон-Ата қаласы халықаралық жарыстарды үш рет қабылдады.

4-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2022 жылы Түркияның Изник қаласында өткізілді. 

Қазақстан Республикасы, Астана қаласында
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылғы 8–13 қыркүйек аралығында өтілуде.

Қыркүйек айы – жазғы жайлаудан қысқы қонысқа көшудің аяқталуын білдіретін мерекеге сілтеме. Дәстүр бойынша, адамдар және киіз үйлер, мүлік тиелген жануарлар керуенінің жолы салт-дәстүрлер, ойындар мен жарыстар өткізілетін жаңа қоныста аяқталатын.

Көшпенділер ойындарына бірінші кезекте халқы көшпелілер өркениетінің мұрагерлері болып табылатын елдер қатысады. Ал, Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде көшпенді емес елдерден де командалар қатысуда.

Бүгінде ДКО ұлттық спорт түрлерінен әлемдегі ең ірі жарыс болып табылады.

Close