Кураторлық сағат: Абайдың «Қара сөздері», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» (Абайдың сөздерін мысалға ала отырып, адамгершілікке, еңбекке, адалдыққа, білімге құштарлыққа тәрбиелеу).
Абайдың «Қара сөздері» – қазақтың ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың 45 шағын нақыл мен философиялық даналық дүниетанымнан тұратын іргелі шығармасы. Бұл прозалық шығармада ұлттық тәрбие мен дүниетаным, адамгершілік пен құқық, қазақ тарихы мәселелері көтеріледі. Абай жер бетіндегі барлық нәрсенің, оның ішінде ғылымның негізі – адамшылық деп үйретеді. Ол махаббат, шынайылық, әділдік сияқты адамның болмысын құрайды.