Дене шынықтыру пән мұғалімдерімен 4 курс студенттеріне семинар – тренинг өткізілді. «Мен болашақ дене шынықтыру пәнінің мұғалімімін»
Семинарымыздың эпиграфы:
Сау ұрпақты тәрбиелеуші – саналы білім иегері болу керек.
Студенттеріміздің практикасын нығайту барысында болашақ дене шынықтыру пәні мұғалімінің сабақ өту жоспарын және технологиясын меңгерді. Сонымен қатар 4 курс студенттер арасында өзара тәжірибе алмасу мақсатында өз ойларын ортаға салып, дене тәрбиесі бағыты бойынша қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ережесін түсіндіріп, үйретті.