КЕЗДЕСУ

2026 жылғы 16 ақпанда Қазақ денешынықтыру, туризм және сервис колледжінің 1 курс студенттерімен маңызды профилактикалық кездесу өтті.
Кездесу барысында «Буллингтен қорған», «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам», «Жасөспірімдер арасындағы синтетикалық есірткі және оның интернет арқылы таралуы», «Ойынға сауатты көзқарас» тақырыптары қозғалды. Жастар арасындағы буллинг, топтық, төбелестер, қоғамдық тыныштықты бұзу, сондай-ақ есірткіні заңсыз тарату мәселелері жан-жақты талқыланды.
Іс-шараны Алматы қаласы Алмалы ауданы Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Бейбіт Маржан Құрманғазықызы, аға учаскелік инспектор, полиция майоры Тургунбай Абай Алтайұлы және Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы жүргізді.
Кездесудің басты мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға қайшы әрекеттердің салдары туралы түсіндіру және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау.







