2026 жылдың Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров.

Милан–Кортина–2026 Қысқы Олимпиада ойындары чемпионы атанған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Қазақ спорт және туризм академиясының 2 курс студенті Михаил Шайдоров.
Қысқа бағдарламада 92,94 ұпаймен бесінші орында тұрған Михаил еркін бағдарламада нағыз мінез бен шеберліктің үлгісін көрсетті. Төрешілер шешімімен 198,64 ұпай жинап, қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпаймен айқын жеңіске жетті. Ол бұл бәсекеде бес бірдей төрттік секіруді сәтті орындап, әлемді тәнті етті.
Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Олимпиада чемпионы атанып, елге тарихи алтын сыйлады!
Жеңіс құтты болсын!





