Шерхан Қалмұрзаға ректор гранты табысталды

Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті, «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға ректор грантын табыстады.

Өз сөзінде министр жастарды қолдау – мемлекет саясатының маңызды бағыты екенін атап өтіп, Академия басшылығының спортта және білімде үздік нәтиже көрсетіп жүрген студенттерге қамқорлық танытып отырғанын жоғары бағалады.

шера     ш

Close