Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы Академия студенті Шерхан Қалмырзамен кездесті.

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы Академия студенті Шерхан Қалмырзамен кездесті. Ол жуырда футбол клубы «Қайрат» сапында әлемнің ең атақты командаларының бірі – мадридтік «Реалмен» жасыл алаңға шыққан болатын.
Бұл оқиға Шерханның спорттық мансабындағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар бүкіл Академия үшін үлкен мақтанышқа айналды. Кездесу барысында Президент жас спортшының жетістігі жас ұрпаққа үлгі болатынын, ал табандылық, тәртіп пен үздіксіз еңбектің арқасында кез келген биікті бағындыруға болатынын атап өтті.
Қайрат Қайроллаұлы Шерхан Қалмырзаға алдағы уақытта да табандылық, сенім мен қайсарлық тілеп, жаңа жеңістерге жетуіне сенім білдірді.
Қазақ спорт және туризм академиясы өз студенттерінің кәсіби дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың халықаралық деңгейде Қазақстан атын абыроймен шығаруына барлық жағдай жасап келеді.




