Азия ойындары – 2025

Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы IX қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті.

Азия ойындарына Азияның 34 елінен 1000-нан астам спортшы қатысады. Қазақстан атынан 137 атлет өнер көрсетеді. Құраманың ту ұстаушылары ретінде хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова таңдалды.

Спортшылар тамаша нәтижелер көрсетуде.

Шорт-трек 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені алды. Команда құамында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті.

Қазақстанның аралас шорт-трек командасы күміс медаль жеңіп алды. Команда құрамында Денис Никиша, Адиль Галиахметов, Яна Хан және Малика Ермек болды.

Шаңғышы Олжас Климин 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне жетті.

WhatsApp Image 2025-02-10 at 16.13.05   WhatsApp Image 2025-02-10 at 16.13.23

WhatsApp Image 2025-02-10 at 16.11.44  WhatsApp Image 2025-02-10 at 16.11.12

WhatsApp Image 2025-02-10 at 16.12.41

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close